Байқоңырдан Иранның жер серігі ұшырылды

Иранның спутнигімен бірге ғарышқа Ресейдің 16 шағын спутнигі де жіберілді.

1865519
Байқоңырдан Иранның жер серігі ұшырылды

Роскосмос тарапынан жасалған Иранның «Хайям» Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш аппараты орбитаға ұшырылды.

Қазақстанның «ҚазТаг» агенттігінің хабарына қарағанда, жер серігі жергілікті уақытпен сағат 11.52-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз-2.1б» зымыран-тасығышымен ұшырылды.

 Иранның спутнигімен бірге ғарышқа Ресейдің 16 шағын спутнигі де жіберілді.

«Хайям» жер серігі Иран тарапынан егіншілік, кен және қоршаған орта проблемаларының бақылануы үшін қолданылады.

Иран Ғарыш агенттігіне қарасты Жетілдіру және стратегиялық жоспарлау директорының орынбасары Саид Сыддыкиан есімін 11-12-ғасырларда өмір сүрген Ирандық астроном, математик және ақын Омар Хайямнан алған серіктің ұшырылғаннан 9 минуттан кейін 500 км қашықтықтағы орбитаға қонғанын білдірді.

Ол серіктер алғашқы сигналдың жергілікті уақытпен саған 12 кезінде Иранның үстінен өтіп бара жатқанда алынатынын айтты. Жоғары сапалы камерамен жабдықталған серік қоршаған ортаны бақылау үшін қолданылады және Иранның бақылауында болады.

«Серікте жиналған мәліметтерді басқа ешбір ел ала алмайды.  Мәліметтер тек азаматтық мақсатта қолданылады» деп хабарланды.

«Washington Post» газетінде жарияланған бір хабарда болса «Украинаға қарсы соғыс барысында Ресей Иранның серігінен пайдаланады» деп айтылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар