Үндістанда су тасқыны

Химачал-Прадеш штатында су тасқыны салдарынан 15 жасар бір жасөспірім қаза тапты.

1865143
Үндістанда су тасқыны

Үндістанның Химачал-Прадеш штатында су тасқыны салдарынан 15 жасар бір жасөспірім қаза тауып, екеуі жарақат алды.

Штаттың солтүстік-батысында орналасқан Чамба аймағында нөсер жаңбыр салдарынан су тасқыны болды.

Көптеген ғимаратқа зиян келіп табиғи апаттан 15 жасар жасөспірім қаза тауып, 2 адам жарақат алды.

Су тасқыны салдарынан штат тұрғындары қауіпсіз аймақтарға көшірілді.

Топырақ көшкініне байланысты аймақта жол жабылды. Жабық жолдар тазаланған соң көлік қозғалысына қайта ашылды.



Ұқсас жаңалықтар