Террористер Норвегиядан баспана сұрамақ

Террористер Норвегиядан баспана сұраса, олардың өтініштері қабылданатынын, ерекше тәртіппен зерттелетіні білдірілді.

1865244
Террористер Норвегиядан баспана сұрамақ

Швеция Түркияға тапсыруға дайындалып жатқан бөлшектеуші террористік ұйымы ПКК мүшелерінің Норвегиядан баспана сұрауы мүмкін деген болжам жасалды.

Норвегия Иммиграциялық кеңсесі баспана бөлімінің басшысы Лине Захл Квакланд "Klassekampen" газетіне жасаған мәлімдемесінде егер бұл адамдар (Швеция Түркияға тапсыруға дайындалып жатқан террор ұйымының мүшелері) Норвегиядан баспана сұраса, олардың өтініштері қабылданатынын, өтініштер ерекше тәртіппен зерттелетінін айтты. 

Норвегиядан баспана сұрау талабы пайымдауларына  қатысты Халықаралық Құқық және босқындар бойынша сарапшы профессор Терье Эйнарсен мұның қиын тәжірибе екенін және Түркияның бұл жағдайға табанды түрде қарсы шығатынын білдірді.

Эйнарсен НАТО мүшелігінің алғы шарты үшін Швецияның Түркиямен жасаған келісімін еске салып, бұл келісімнің барлық НАТО елдерін қамтитынын атап көрсетті.

Сонымен бірге Испанияның бас қаласы Мадридте ұйымдастырылған НАТО саммитінде Түркияның алаңдаушылығын шешу үшін НАТО мүшелігіне өтініш берген  Швеция мен Финляндия және Түркия арасында үш жақты меморандумға қол қойылды.



Ұқсас жаңалықтар