Ресей астық экспортын азайтуы мүмкін

Ресей шамамен 20 пайыздық үлесімен әлемдегі ең ірі астық экспорттаушы ел болып табылады.

1864257
Ресей астық экспортын азайтуы мүмкін

Ресей Ауыл шаруашылығы министрі Дмитрий Патрушев биыл жоспарланған 130 миллион тонна астық өніміне жете алмау ықтималы болғанын, сондықтан астық экспортын азайтуға мәжбүр қалу мүмкін екенін айтты.

Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігінің жазбаша мәлімдемесінде өз көзқарасын білдірген Патрушев ауыл шаруашылығы саласында қолданылған кейбір көліктердің импортында қиындықтар туындағанын айтқаны білдірілді.

Бұл мәселелер астық жинауға әсер ететінін баса айтқан Патрушев: «Осы олқылықтың 130 миллион тонна астық жинау жоспарын бұзу қаупі бар» деп көрсетті.

Астық жинау жоспарланған көлемнен төмен қалса, ішкі нарықта жеткізу проблемасы болмайтынын мәлімдеген Патрушев: «Алайда біз 50 миллион тонна астық экспорттау жоспарымызды қайта қарауымыз керек. Бұл әлемдік астық нарығына кері әсер етуі мүмкін» деді.

Ресей шамамен 20 пайыздық үлесімен әлемдегі ең ірі астық экспорттаушы ел болып табылады.



Ұқсас жаңалықтар