Ресей Болгарияның 14 дипломатын қуды

Ресей Болгарияның 70 ресейлік дипломатты «ұнатылмайтын адам» деп жариялауына наразылық көрсетті.

1864297
Ресей Болгарияның 14 дипломатын қуды

Ресей Сыртқы істер министрлігі елдегі 14 болгар дипломатын «ұнатылмайтын адам» деп жариялады.

Министрліктен жасалған мәлімдемеде Болгарияның Ресейдегі елшісі Атанас Кристиннің министрлікке шақырылып, Болгария билігінің 70 ресейлік дипломатты қабылдауға болмайтын «ұнатылмайтын адам» деп жариялауына наразылық білдіргені атап өтілді.

Мәлімдемеде:

«Болгария үкіметінің ресейлік дипломатиялық миссия өкілдерінің санын қысқарту бойынша қабылдаған қадамдарына жауап ретінде елші Кристинге Ресейдегі Болгарияның 14 қызметкерін «ұнатылмайтын адам» деп жариялаған нота берілді. Біз Ресейге қарсы достық емес қадамдардың Болгария мен оның халқының ұлттық мүдделерімен ешқандай ортақтығы жоқ деп санаймыз» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар