Конашенков Ресей армиясының Украинадағы қызметі туралы мәлімдеді

Игорь Конашенков Украина армиясына тиесілі 3 мың 267 гаубица мен минометтің жойылғанын білдірді.

1864314
Конашенков Ресей армиясының Украинадағы қызметі туралы мәлімдеді

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков соғыс басталғаннан бері Украина армиясына тиесілі 3 мың 267 гаубица мен минометті жойғандарын хабарлады.

Конашенков Ресей-Украина соғысындағы Ресей армиясының қызметі туралы мәлімдеме жасады.

Ресей күштерінің Украинадағы әскери күштеріне қарсы шабуылдарын жалғастырғанына назар аударған Конашенков Украинаның Запорожье аймағында Украина қарулы күштері 44-ші артиллериялық бригадасының уақытша бекіністері мен оқ-дәрі қоймасына жоғары дәлдіктегі зымырандармен шабуыл жасалғанын айтты.

Конашенков «Бұл шабуылда 150 шақты сарбазға қоса, американдық 2 «M777» гаубицалық жүйесі мен осы жүйелерге арналған 1500-ге жуық оқ-дәрі, 6 «Мста-В» гаубицалық жүйесі, әртүрлі модификациядағы 8 артиллерия, шамамен 350 «Grad» көп ұңғылы зымыран тасығышы мен 7 пилотсыз әуе көлігі жойылды» деді.

Соңғы 24 сағатта Украина армиясына тиесілі 4 басқару орталығы мен 2 оқ-дәрі қоймасының жойылып, 4 пилотсыз әуе көлігінің құлатылғанын білдірген Конашенков «Бүгінге дейін Украинаға тиесілі 261 әскери ұшақ, 145 тікұшақ, 1 мың 685 пилотсыз әуе көлігі, 361 әуе қорғанысының зымырандық жүйесі, 4 мың 254 танк пен броньды техника, 789 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 3 мың 267 гаубица мен миномет және 4 мың 716 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар