Берлинде жарылыстан кейін өрт шықты

Грюневальд орманындағы полиция қоймасында болған жарылыстан кейін шыққан өртте 1.5 гектар орман алқабы жанып кеткен.

1863799
Берлинде жарылыстан кейін өрт шықты

Германияның Берлин қаласындағы Грюневальд орманындағы полиция қоймасында болған жарылыстан кейін өрт шықты.

Берлин Өрт сөндіру бөлімінен жасалған мәлімдемеде полицияның бомбаларды жою үшін қолданған қоймадағы жарылыстан кейін шыққан өрттің Грюневальд орманына таралғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде жарылыстар мен құрғақшылық өртті сөндіруді қиындатқаны атап өтіліп, қазірге дейін қойма мен оның айналасын қосқанда 1.5 гектар орман алқабының жанып кеткені хабарланды.

Өрт шыққан аймаққа 100 өрт сөндірушінің барғаны хабарланған мәлімдемеде тұрғын үйлердің өрттен аман қалғаны білдірілді.

Сонымен бірге өртке байланысты пойыз қатынасының тоқтағаны және аймақ маңындағы тас жолдың жабылғаны, айналадағы үйлер мен ғимараттардың терезелері мен есіктерінің ашылмауы талап етілді.



Ұқсас жаңалықтар