Пелоси Тайваньда болды
Пелоси бүгін таңертең Тайвань басшысы Цай Инг-вэнмен кездесті.

Тайвань Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің сапарына қуанышты екенін мәлімдеді.
Тайвань Сыртқы істер министрлігі тақырыпқа байланысты мәлімдемесінде осы сапар арқылы екіжақты қарым-қатынастардың әлдеқайда жақсы деңгейге көтерілетінін атап өтіп, Тайваньға барлық платформаларда үздіксіз қолдау көрсеткен Нэнси Пелосиге алғысын білдірді.
Пелоси бүгін таңертең Тайвань басшысы Цай Инг-вэнмен кездесті.
Кездесу барысында Цай Пелосиге көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, Қытайдың әскери қауіп-қатерлерінен қайтпайтындарын айтты.
Тайваньға әрқашан қолдау көрсететіндерін атап өткен Пелоси АҚШ-тың «Бір Қытай» саясатын құрметтейтінін, бірақ Тайваньға қолдаудың бұрынғыдан да маңызды екенін білдірді. «Біз Тайваньды әлемдегі ең еркін қоғамдардың бірі болғаны үшін бағалаймыз» деді ол.
(АҚШ) Өкілдер палатасының спикері байланыстарынан кейін Тайваньнан аттанып кетті.
Ұқсас жаңалықтар
Ресей мұнайын Украина арқылы тасымалдау тоқтатылды
Ресей мұнайын Украина арқылы Еуропаға жеткізу қызметінің тоқтатылғаны білдірілді.

БҰҰ: «Тек бейбітшілік қана Израиль-Палестина қақтығыстарын тоқтата алады»
БҰҰ Таяу Шығыстағы бейбітшілік процесінің арнайы координаторы Тор Веннесланд мәлімдеме жасады.