Қытайда балабақшаға шабуыл жасалды

3 адамды өлтіріп, 6 адамды жаралаған 48 жастағы күдіктінің әлі де қашып жүргені бөлісілді.

1863140
Қытайда балабақшаға шабуыл жасалды

Қытайдың Цзянси уәлаятында балабақшаға пышақпен жасалған шабуылда 3 адам қаза тауып, 6 адам жараланды.

Полицияның әлеуметтік желідегі мәлімдемесіне қарағанда Анфу ауданындағы жекеменшік балабақшаға бас киім мен бетперде киген адам шабуыл жасаған.

3 адамды өлтіріп, 6 адамды жаралаған 48 жастағы күдіктінің әлі де қашып жүргені бөлісілді.

Полицияның мәлімдемесінде:

«Қоғамдық қауіпсіздік органдары күдіктіні ұстауға бар күшін салуда» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар