АҚШ-Индонезия бірлескен жаттығуы басталды

Бірлескен жаттығулар 14 тамызға дейін жалғасады.

1863059
АҚШ-Индонезия бірлескен жаттығуы басталды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) және Индонезия әскерлері Қытаймен шиеленістің көлеңкесінде Суматра аралында алғаш рет басқа елдер қатысқан бірлескен жауынгерлік жаттығуларын бастады.

Индонезиядағы АҚШ елшілігінің мәлімдемесінде бұл жаттығулардың Үнді-Тынық мұхиты аймағында еркін және ашық саясатты қолдау үшін өзара әрекеттестік, мүмкіндік, сенім және ынтымақтастықты қолдау мақсатында жасалғаны айтылды.

АҚШ Тынық мұхиты армиясының қолбасшысы Генерал Чарльз Флинн "Бұл АҚШ-Индонезия байланысының және осы маңызды аймақтағы құрлық күштері арасындағы өсіп келе жатқан қарым-қатынастың символы” деді.

АҚШ, Индонезия, Австралия, Жапония және Сингапурдан 5 мыңнан астам сарбаздың қатысуымен өткен жаттығулар «2009 жылдан бері аймақтағы ең ірі жаттығу» ретінде көрсетілді.

Флинн мен Индонезия армиясының генералы Андика Перкаса бірлескен жаттығуларды Оңтүстік Суматра провинциясындағы Батуража қаласында салтанатты түрде бастап берді.

Бірлескен жаттығулар 14 тамызға дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар