Айман Завахири өлтірілді

Байден "әділдік орнады" деді.

1862330
Айман Завахири өлтірілді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден «Әл-Каиданың» басшысы Айман Завахиридің Ауғанстандағы әуе шабуылында өлтірілгенін растады.

Ақ Үй бақшасында камералар алдына шыққан Джо Байден Айман Завахиридің отбасымен бірге Кабулда жасырынып жүргенін және жексенбі күні сол жерде ұшқышсыз әуе көлігімен операция жасалғанын айтты. Байден "Завахири кетті және енді ешқашан Ауғанстанды террористер үшін қауіпсіз баспанаға айналдырмайды. Лаңкестердің басшысы енді жоқ" деді.

Завахириге қарсы операция арқылы «әділдіктің» орындалғанын атап көрсеткен Байден 2001 жылы 11 қыркүйекте елінде Әл-Каида ұйымдастырған шабуылдарда қаза тапқандардың отбасыларының жүрегінің жай тапқанын  айтты.

Завахириге қарсы операцияны «сәтті» деп сипаттаған Джо Байден АҚШ барлау бөлімшелеріне «ерекше табандылық пен қабілеттері» үшін алғыс айтты.

Талибанның баспасөз хатшысы Забихулла Муджахид болса Кабулда Әл-Каиданың басшысы Айман Завахири өлтірілген АҚШ-тың шабуылын айыптады.



Ұқсас жаңалықтар