Әлемдегі байлықты ерте тауыстық

«Дүниежүзілік мөлшерден асу күнін» есептейтін "Global Footprint Network" мәліметтеріне негізделгенде 2022 жылға арналған байлықтар 28 шілдеде таусылды.

1861189
Әлемдегі байлықты ерте тауыстық

Жыл сайын әлемдегі табиғи байлықтар мен адамдардың оларды пайдалануын өлшеу арқылы сол жылдың «Дүниежүзілік мөлшерден асу күнін» есептейтін "Global Footprint Network" мәліметтеріне негізделгенде 2022 жылға арналған байлықтарды пайдалану 28 шілдеде таусылды.

Табиғи ресурстардың бір жыл бойы тұтынылатын күнін білдіретін «Дүниежүзілік мөлшерден асу күні» (Limit Exceeding Day) жыл сайын әлем өндіре алатын ресурстарға және адамдардың оларды тұтынуына байланысты өзгеріп отырады.

Табиғи ресурстар мен адам тұтынуы 1961 жылдан бастап есептелсе, адамзат 1971 жылы алғаш рет әлем өндіре алатын мөлшерден көп тұтынды.

Алғашқы «Дүниежүзілік мөлшерден асу күні» сол жылдың 25 желтоқсанында тіркелді.

Биылғы жылы 28 шілде «Дүниежүзілік мөлшерден асу күні» ретінде тіркелген, бұл бұрын-соңды тіркелген ең ерте күн болды.

Әлемдегі бір жылдық ресурстар ең жылдам біткен 2022 жылы табиғи ресурстар 156 күн ерте таусылды.

Жаһандық Аяқ ізі желісінің (Global Footprint Network) мәліметтері бойынша 2050 жылғы ресурстарды 31 желтоқсанға дейін пайдалану үшін «Дүниежүзілік мөлшерден асу күнін» сол уақытқа дейін жыл сайын 6 күн кешіктіріп отырға қажет.



Ұқсас жаңалықтар