Маймыл шешегіне шалдыққандар саны 18 мыңнан асты

Деректердің 70 пайызы Еуропадан келген.

1860449
Маймыл шешегіне шалдыққандар саны 18 мыңнан асты

Дүние жүзінде маймыл шешегі ауруына шалдыққандар саны 18 мыңнан асқаны жарияланды.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус ұйымның Женевадағы штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында маймыл шешегі індетіне қатысты соңғы жаңалықтармен бөлісті.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының осы уақытқа дейін 78 елден келген 18 мың деректі растағанын айтқан Гебрейесус деректердің 70 пайызын Еуропадан келген мәліметтер, ал 25 пайызын Америка деректері құрайтынын айтты.  

Маймыл шешегіне шалдыққан науқастардың 10 пайызының ауруханаға жатқызылғанын айтқан Гебрейесус «Егер елдер мен адамдар осы індеттің таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдаса, тоқтатуға болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар