Угандада ашаршылық жан алуда

Угандада ақпан айынан бері Каабонгта 259, Напакта 49, Котидода 626 адам аштық пен аштыққа байланысты аурулардан қайтыс болғаны білдірілді.

1859294
Угандада ашаршылық жан алуда

Уганданың солтүстігіндегі Караможа аймағында құрғақшылық салдарынан 900-ден астам адамның аштықтан өлгені алға тартылды.

Daily Monitor газетінің хабарлауынша аймақ лауазымдылары ақпан айынан бері Каабонгта 259, Напакта 49, Котидода 626 адам аштық пен аштыққа байланысты аурулардан қайтыс болғанын мәлімдеді. Қайтыс болғандардың дені балалар мен қарттар.

Егіншілік пен мал шаруашылығы құлдыраған аймаққа өткен аптада жіберілген азық-түлік көмегі жеткіліксіз болды.

Жергілікті басшылар үкіметті аймаққа көмекті арттыруға шақырды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша аймақтағы 10 адамның 8-і азық-түлік тапшылығы мен аштықтан зардап шегіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар