Песков Солтүстік ағын табиғи газ құбыры жайлы мәлімдеме жасады

Дмитрий Песков Солтүстік ағын табиғи газ құбырында қолданылған кейбір турбиналарда проблемалар болғанын айтты.

1859767
Песков Солтүстік ағын табиғи газ құбыры жайлы мәлімдеме жасады

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ел астанасы Мәскеуде жасаған мәлімдемесінде Солтүстік ағын табиғи газ құбырында қолданылған кейбір турбиналарда проблемалар болғанын айтты.

Песков «Песков «Біздің елімізге қарсы санкциялар жағдайды қиындатады. Санкциялар жасалмаған болса, онда желідегі барлық техникалық қызмет көрсету қалыпты жағдайда орындалып, мұндай жағдай болмас еді» деді.

Газпромның «Солтүстік ағын» құбырындағы мәселелерге қатысты техникалық мәселелер бойынша мәлімдеме жасайтынын айтқан Песков «Тіпті пайдаланылған турбиналарда да проблемалар бар. Техникалық қызмет көрсетуге кеткен турбина қайтып келмеді, ол орнатылмаған. Орнату кідіріссіз қысқа мерзімде жүзеге асады деп сенеміз» деген сөздер қолданды.

Газпром 15 маусымда Канададағы техникалық қызмет көрсетуден кейін «Siemens» турбинасы Ресейге қайтарылмады деген сылтаумен Солтүстік ағын арқылы табиғи газ тасымалдауын 60 пайызға қысқартты.



Ұқсас жаңалықтар