БҰҰ Ирактағы шабуылды айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері 2022 жылдың 20 шілдесінде Ирактың Духок уәлаятында болған шабуылды қатаң түрде айыптады.

1859602
БҰҰ Ирактағы шабуылды айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі Ирактың Духок уәлаятының Захо ауданында бейбіт тұрғындардың өмірін қиған шабуылды айыптады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жазбаша мәлімдемесінде:

«Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері 2022 жылдың 20 шілдесінде Ирактың Духок уәлаятында болған шабуылды қатаң түрде айыптайды. Шабуыл көбі балалар кем дегенде тоғыз бейбіт тұрғынның өліміне себеп болды" деп жазылды.

Мәлімдемеде:

«Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері қаза болғандардың отбасыларына, Ирак үкіметі мен Ирак Күрдістан аймағына қайғырып көңіл айтып, зардап шеккендердің тез әрі толық сауығып кетуін тілейді. Ирак әкімшілігіне тергеуге қатысты қолдау білдіреді» деп көрсетілді.

Қауіпсіздік Кеңесіне мүше барлық елдер тергеуді қолдау мақсатымен Ирак үкіметі және барлық қатысты ұйымдарды ынтымақтастыққа шақырды. Трактың тәуелсіздігі, егемендігі, территория тұтастығы, демократиялық процесі мен өркендеуіне қолдау берілетіні қайталанды.

Ирактың Духок облысына қарасты Захо ауданында 20 шілде күні бөлшектеуші террор ұйымы ПКК ұйымдастырған шабуылда 9 адамның қаза тапқаны және көп адамның жараланғаны жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар