Си Цзиньпин Мурмуны жаңа міндетімен құттықтады
Си Цзиньпин Қытай мен Үндістан арасындағы саяси сенімді дамыту, практикалық ынтымақтастықты арттыру пайдалы екенін айтты.
Қытайдың төрағасы Си Цзиньпин Үндістанның жаңа президенті Драупади Мурмуны жаңа міндетімен құттықтады.
Қытайлық Шиньхуа агенттігінің хабарлауына қарағанда Си Цзиньпин Драупади Мурмуға жолдауында көршілес Қытай мен Үндістан арасындағы қарым-қатынастардың салауатты және тұрақты болуы екі ел мен халықтарының мүддесі екенін және бұл аймақ пен әлемдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың дамуына ықпал ететінін мәлімдеді.
Қытай-Үндістан қарым-қатынастарына ерекше мән беретінін білдірген Си Цзиньпин екі ел арасындағы саяси сенімді дамыту, практикалық ынтымақтастықты арттыру және келіспеушіліктерді дұрыс шешу арқылы екіжақты қарым-қатынастарды тиісті бағытта ілгерілету үшін Мурмумен бірге жұмыс жасауға дайын екенін атап айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Израиль балалар саябағын бомбалады: 10 адам қаза тапты
Израиль әскери ұшақтары босқындар лагеріндегі балалардың ойын алаңын бомбалады.