Сауд Арабиясы YouTube-тан талап етті

Сауд Арабиясы исламдық және әлеуметтік құндылықтарға қайшы келетін жарнамаларды алып тастауды талап етті.

1858821
Сауд Арабиясы YouTube-тан талап етті

Сауд Арабиясы Youtube әлеуметтік медиа платформасынан исламдық және әлеуметтік құндылықтарға қайшы келетін жарнамаларды алып тастауды талап етті.

Сауд Арабиясының Аудио-визуалды медиа бас басқармасы мен Байланыс және ақпараттық технологиялар комиссиясының бірлескен мәлімдемесінде Youtube-тің Сауд Арабиясындағы медиа контент ережелеріне және исламдық, әлеуметтік құндылықтарға қайшы келетін жарнамалар көрсеткені анықталғаны айтылды.

Аудио-визуалды медиа бас басқармасы мен Байланыс және ақпараттық технологиялар комиссиясының Youtube-тен аталған жарнамаларды жоюды талап еткені және олар жойылмаған жағдайда қажетті заңды шаралар қолданылатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар