Сакурадзима жанартауы атқылай бастады

Аймақтағы ескерту деңгейі ең жоғары 5-ші дәрежеге дейін көтерілді.

1858928
Сакурадзима жанартауы атқылай бастады

Жапонияның Кагосима шығанағындағы түбекте орналасқан белсенді Сакурадзима жанартауында жарылыс болды.

Атқылаудан кейін Сакурадзима жанартауының айналасын күл мен түтін бұлттары басып қалды,  атқылауда ұшқан тас кесектері 2.5 шақырым биіктікке жетті.

Лауазымдылар жанартау лақтырған тастар мен лаваның диаметрі 2-3 шақырым шамасында таралуы мүмкін екенін ескертті.

Аймақтағы ескерту деңгейі ең жоғары 5-ші дәрежеге дейін көтерілді.

Жарылыс салдарынан қаза болғандар немесе жараланғандар туралы ақпарат таралмағанымен, тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшуге шақырылды.



Ұқсас жаңалықтар