Бегай ант беріп жұмысын бастады

Албанияда жаңа президент Байрам Бегай ант беріп жұмысын бастады.

1858796
Бегай ант беріп жұмысын бастады

Парламентте өткен салтанатты рәсімде конституцияға ант берген Байрам Бегай бұл жердегі сөзінде бұл жауапкершілікті Албанияның Еуропа сапарына бастаған тарихи сәтте мойнына алғанын түсіндірді.

Байрам Бегай «Мен бүгін Конституцияға, ұлттық мүдделерге және албан қоғамының ілгерілеуіне қызмет етуге және Конституция қағидаттарына сай өз міндетімді атқаруға ант бердім» деп көрсетті.

Ант беру рәсімінен кейін Бегай өзінің бұрынғы басшысы Илир Метадан міндетті тапсырып алды.

Бегай «Мен өз халқымның қызметшісі, ұлттық бірлігіміздің өкілі ретінде Албанияда, Косовода, Солтүстік Македонияда, Черногорияда және басқа жерлерде тұратын, сондай-ақ жұмыс істейтін барлық албандардың еуроатлантикалық сапарының мызғымас қолдаушысы боламын» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар