Ресей украиналықтарға төлқұжат беріп жатыр

Украинаның Запорожье облысындағы 70 мыңнан астам украиналық Ресей азаматтығын алуға өтініш берген.

1858385
Ресей украиналықтарға төлқұжат беріп жатыр

Ресей Украинамен соғыс кезінде бақылауындағы аймақтарда Ресей азаматтығын алғысы келетіндерге төлқұжат беруді жалғастыруда.

Президент Владимир Путин барлық украиндықтарға Ресей азаматтығын беруді жеңілдететін шешімге қол қойылғаннан кейін Украинаның басып алынған аймақтарында Ресей азаматтығын алуға өтініш бергендерге төлқұжат беріліп жатыр.

Украинаның Мелитополь және Херсон қалаларында 11 маусымда  ресейлік паспорттар таратыла бастады.

Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда Запорожье облысындағы 70 мыңнан астам украиналық Ресей азаматтығын алуға өтініш берген.

Путин 2019 жылы қол қойған шешіммен Украинаның Донецк және Луганск облыстарында тұратындардың Ресей азаматтығын алуына жеңілдік жасаған болатын.

25 мамырда Украинаның Херсон және Запорожье облыстарында тұратын адамдар да осы тізімге қосылды.

Президент Путин 11 шілдеде Украинаның барлық аймақтарында Ресей азаматтарының азаматтық алуын жеңілдету туралы қаулыға қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар