Зеленскийдің жұбайы қару сұрады

Зеленская Америка Құрама Штаттары конгресінде сөз сөйледі.

1857671
Зеленскийдің жұбайы қару сұрады

Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена Зеленская елін қорғау үшін көбірек қару-жарақ пен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін талап етті.

Зеленская Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің шақыруымен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) конгресінде сөз сөйледі.

АҚШ Конгресінде сөз сөйлеген шет ел президентінің бірінші әйелі екенін айтқан Зеленская Украинадағы соғыс әлі аяқталмағанына назар аударды.

"Мен сізден ешқашан істегім келмейтін нәрсені істеуіңізді сұраймын. Мен сізден қару алғым келеді. Бұл қарулар біреудің жеріне шабуыл жасау үшін емес, біздің жерімізді қорғау және біздің аман қалуымыз үшін пайдаланылады. Әуе қорғанысы жүйелерін сұраймын, себебі зымырандар ешкімді өлтірмесін, балалар өлмесін» деді ол.

АҚШ Конгресінің келесі айда жұмысына үзіліс жасап, қыркүйекте қызметіне қайта оралатынын айтқан Зеленская "Ұлымның қыркүйекте мектепке барып бармайтынын білмеймін. Қызым оқу жылының басында университеттегі білімін ала ала ма, оны да  білмеймін. Украин мұғалімдері не үшін дайындалуы керек? Сыныптағы жұмыстарға ма, әлде бункерлердегі бомбалардан қорғануға ма? Менде бұларға жауап жоқ. Бірақ егер біздің қолымызда әуе қорғанысы жүйесі болса, бізде жауап та болар еді» деді.



Ұқсас жаңалықтар