Талибан үкіметінің аккаунттарын жауып тастады
Мәлімдемеде Facebook-тың осы шешімінің ауғандарды баспасөз еркіндігі құқығынан мақұрым тастау екені айтылды.

Америка Құрама Штаттарында орналасқан әлеуметтік желі алпауыты Facebook Ауғанстандағы Талибан үкіметінің телеарнасы мен ақпарат агенттігінің аккаунттарын жауып тастады.
«Бахтар» ақпарат агенттігі Facebook-тың агенттіктің ресми аккаунтын жауып тастағанын білдірді. Агенттік өздерінің әлеуметтік желінің барлық ережесін сақтағандарын, мақсаттарының нақты мәліметтерді оқырмандарына жеткізу екенін атап көрсетті. Мәлімдемеде Facebook-тың осы шешімінің ауғандарды баспасөз еркіндігі құқығынан мақұрым тастау екені айтылды.
Ауғанстан үкіметінің телеарнасының басшысы Ахмадулла Васик те арнаның парсы және пешту тілдеріндегі аккаунттарының жабылғанын білдірді. Ол мұның баспасөз еркіндігіне қайшы екенін атап көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар

Израиль күштері екі баланы атып өлтірді
Израиль күштерінің Батыс Шерияның солтүстігіндегі Дженин қаласына шабуылы жалғасуда.