Президент Ранил Викрмесинг ант берді

9-шы президент болып сайланған Ранил Викрмесинг ант беру рәсімі ұйымдастырылғаны білдірілді.

1857756
Президент Ранил Викрмесинг ант берді

Шри-Ланкада жаңа мемлекет басшысы болып сайланған Ранил Викрмесинг ант беріп, міндетін бастады.

Азия баспасөзінің хабарына қарағанда экономикалық және саяси дағдарыс жағдайында 225 депутаттан тұратын ел парламентінде өткен жасырын дауыс беруде  9-шы президент болып сайланған Ранил Викрмесинг ант ішу рәсімі ұйымдастырылғаны білдірілді.

Шри-Ланканың 8-ші президенті Готабая Раджапакса шілденің 14-і күні үкіметке қарсы наразылықтардан кейін елден кетіп, электронды пошта арқылы қызметінен отставкаға кеткен болатын.

Осыған орай премьер-министр Ранил Викрмесинг уақытша президент болып сайланған.

Шри-Ланка Парламентінде кеше өткен дауыс беруде Викрмесинг 82-ге қарсы 134 дауыспен бәсекелесі Дуллас Алахапперуманы жеңіп, жаңа президент болып сайланды.

Ранил Викрмесинг салтанатты рәсімде бас прокурор Джаянта Джаясурияның алдында ант беріп, президенттік міндетке бастады.

Дауыс беруде жеңіске жеткен Викрмесинг қалыпты жағдайда мерзімі 2024 жылы аяқталатын Раджапаксадан қалған екі жылда қызмет атқарады.

Викрмесинг 1999 және 2005 жылдардағы президенттік сайлауда да үміткер болды, бірақ сайланбады.



Ұқсас жаңалықтар