Марио Драги отставка шешімін жариялады

Италия премьер-министрі Марио Драги отставкаға кету шешімін президент Серджо Маттареллаға ұсынды.

1857691
Марио Драги отставка шешімін жариялады

Италия премьер-министрі Марио Драги коалиция серіктесі үш партия кеше парламентте үкіметті қолдамағандықтан отставкаға кету шешімін ұсыну үшін президент Серджо Маттареллаға барды.

Елде өткен аптада басталған үкімет дағдарысы одан әрі тереңдей түсуде.

Парламенттің жоғарғы палатасы Сенатта кеше үкімет дағдарысын жариялап, сенім дауысын сұраған, алайда  5 жұлдыз қозғалысы (M5S), Forza Italia (FI) және Лига 3 партияның қолдауы келмегендіктен сенім дауысын әрең алған премьер-министр Драги бүгін таңертең Парламенттің төменгі палатасы – Өкілдер Мәжілісінде үкімет дағдарысы туралы пікірталасқа қатысты.

Келіссөздердің басында қысқа сөз сөйлеген Драги Парламентке осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.

Премьер-министр Драги Сенатта кешегі дауыс беруде үш партияның оның үкіметін қолдаудан бас тартқанына назар аударып:

«Кеше кеште өткен Сенаттың қорытындысына орай өз шешімдерімді Президентке жеткізу үшін осы сессияны тоқтатуды сұраймын» деді.

Премьер-министр Драги Өкілдер Палатасынан шығып, президенттік Квиринале сарайына барды.

Итальян баспасөзінің хабарында Драги Маттареллаға үкіметінің отставкаға кетуін ұсынатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар