Путин Реисимен кездесті

Иран президенті мен Ресей президенті аймақтағы оқиғаларды талқылады.

1857017
Путин Реисимен кездесті

Иран президенті Ибрахим Реиси мен Ресей президенті Владимир Путин аймақтағы оқиғаларды талқылады.

Иран президенттігінің мәлімдемесінде Түркия, Ресей және Иран арасында ел астанасы Тегеранда ұйымдастырылған «Астана форматындағы жетінші үшжақты саммитке» қатысу үшін Тегеранға барған Путиннің Иран президентімен кездескені атап өтілді.

Мәлімдемеде кездесу барысында энергетика, транзит және сауда қатынастарын қоса алғанда, көптеген салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мүмкіндіктері талқыланғаны айтылды. Иран мен Ресей басшыларының кездесуде аймақтық оқиғаларды да талқылағаны хабарланды.

Сонымен қатар Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Владимир Путин Иранның рухани көсемі Әли Хаменеимен де кездесті.



Ұқсас жаңалықтар