Иран рубль мен риалды қолдана бастады

Әли Хаменеи Путинмен кездескенде "Доллар жаһандық сауда жолынан бірте-бірте шығарылуы керек» деді.

1857332
Иран рубль мен риалды қолдана бастады

Иран доллардың тиімділігін төмендету үшін Ресеймен қаржылық операцияларда Ресей рублі мен Иран риалын пайдалана бастады.

Иранның ресми IRNA агенттігінің хабарлауынша Иран Орталық банкінің төрағасы Әли Салихабади ел астанасы Тегеранда өткен Министрлер кеңесінің отырысынан кейін журналистерге жасаған мәлімдемесінде: "Рубль және риалмен сауда басталды" деді.

Әли Салихабади Иранның валюта нарқында ұлттық ақшамен сауданың басталуы Ресеймен экономикалық байланыстардыкүшейтетінін, Иран нарқында доллар мен еуро сияқты шетел ақшасының ықпалын азайтатынын айтты.

«Кеше екі миллион рубльдік жұмыс жүргізіліп, жақсы қадам басылды. Қабылданған шараларға сәйкес бұл транзакциялардың көлемі артып, нарық тереңдей түседі» деді банк төрағасы.

Иранның діни көсемі Аятолла Әли Хаменеи кеше Тегеранда Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген кездесуінде жаһандық саудада доллардан бас тарту керектігін білдіріп, "Доллар жаһандық сауда жолынан бірте-бірте шығарылуы керек» деген болатын.

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ доллары қысым жасау қаруы ретінде қолданылғанын білдіріп,  Иран мен Ресейдің сауда байланыстарында ұлттық ақшаны қолдану жолдарын жобалағанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар