Лондонда шыжыған ыстық болып жатыр
Ұлыбритания астанасы Лондонда сирек кездесетін 4-деңгейдегі аптап ыстық толқыны жарияланды.

Ұлыбританияның астанасы Лондонның қала әкімі Садик Хан қала тұрғындарын ыстық ауа райы туралы ескертті.
Лондонның қала әкімі Садик Хан әлеуметтік желіде бөліскен мәлімдемесінде:
«Лондонда сирек кездесетін 4-деңгейдегі аптап ыстық толқыны жарияланды. Ең ыстық кезеңде сағат 11.00 мен 15.00 (жергілікті уақыт) арасында күн сәулесінен аулақ болуға талпыныңыз және ашық ауада күннен қорғайтын крем жағыңыз. Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қауіпсіздігі агенттігі сізге көшеге шығу қажет болса, көлеңкеде серуендеп, күннен қорғайтын крем жағуды, бас киім және жеңіл киім киюді ұсыныс етеді" деп көрсетілді.
Ұлыбритания тарихында алғаш рет Метеорология басқармасы ауа температурасына байланысты қызыл аттаныс ескертуін жариялады.
Елдегі ең жоғары температура 2019 жылы Кембриджде 38.7 градус болып тіркелген болатын.
Мамандар ел аумағында ауа температурасы 40 градусқа дейін немесе одан да жоғары көтерілуі мүмкін екенін ескертті.
Ұқсас жаңалықтар

13 палестиналықты қамауға алды
Палестина тұтқындар қоғамы Израиль күштерінің түнде рейд жүргізгенін білдірді.
Энергияда белгілі елдерге тәуелді болмау керектігін айтты
Столтенберг Дубай қаласында араптар конференциясы (COP28) аясында өткен панельде сөз сөйледі.