Шойгу әскери жасақтарды тексерді

Ресей Қорғаныс министрі орыс армиясына Украина армиясының алыс қашықтықтағы зымыран тасығыштары мен зеңбіректерін жоғары дәлдіктегі қарумен атуға бұйрық берді.

1856274
Шойгу әскери жасақтарды тексерді

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу елінің «Шығыс» әскери бөліміне Украинаның алыс қашықтықтағы қаруларын дәлдігі жоғары қарумен атып түсіруді тапсырды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Сергей Шойгу Украинадағы соғысқа қатысқан «Шығыс» орыс әскери бөліміне тексеруге барды.

Сергей Шойгу осы бөлімшенің шабуылдық мүмкіндіктерін күшейту қажеттігін атап өтіп, бөлімше командиріне Украина армиясының алыс қашықтықтағы зымыран тасығыштары мен зеңбіректерін жоғары дәлдіктегі қарумен атуға бұйрық берді.

Сергей Шойгу өткен аптада Украинадағы соғысқа қатысқан Ресейдің «Оңтүстік» және «Орталық» әскери бөлімдерін тексеріп, жасақтардың алдағы уақытта әскери қимылдарын арттыруды тапсырған болатын.

Ресей армиясы 24 ақпанда Украинаға соғыс бастады.



Ұқсас жаңалықтар