Боррельден мәлімдеме

Боррель отырыста  Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларын күшейтуді талқылайтындарын мәлімдеді.

1856282
Боррельден мәлімдеме

Еуропалық Одақтың (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррель осы аптада Украинаның Одесса және басқа да порттарын  ашу туралы келісімге қол жеткізіледі деп үміттенетінін айтты.

Жозеп Боррель Бельгияның астанасы Брюссельде жазғы демалыстан бұрынғы соңғы Еуроодақ Сыртқы істер министрлері жиналысы қарсаңында баспасөз өкілдеріне сұхбат берді.

Сессияға Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулебаның қатысып, астық эмбаргосы туралы ақпарат беретінін айтқан Боррель осы аптада Түркияда өтетін келіссөздер туралы сұраққа жауап берді. "Одесса мен басқа да порттарды блоктан шығару туралы келісімге қол жеткізуге болады деп үміттенемін. Бұл келісімге ондаған мың адамның өмірі байланысты. Бұл дипломатиялық ойын емес, бұл көптеген адамдар үшін өмір мен өлім мәселесі" деді ол.

Боррель отырыста  Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларын күшейтуді талқылайтындарын мәлімдеді.

Жоғарғы өкіл сондай-ақ Украинаға қолдау көрсетуді және Ресейге қарсы санкция салуды тоқтатпайтындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар