Ивана Трамп қайтыс болды

Чехияда дүниеге келген Ивана 1977 жылы Нью-Йоркте сол кездегі ең танымал жылжымайтын мүлік инвесторларының бірі Дональд Трампқа үйленді.

1855437
Ивана Трамп қайтыс болды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бұрынғы президенті Дональд Трамптың тұңғыш жұбайы және үш баласының анасы Ивана Трамптың Нью-Йорктегі үйінде 73 жасында қайтыс болғаны хабарланды.

Тұңғыш жұбайының  қайтыс болғанын "Truth Social" әлеуметтік медиа платформасында жариялаған Трамп былай: «Ивана Трамптың Нью-Йорктегі үйінде қайтыс болғанын оны жақсы көретіндерге хабарлағаныма қатты қайғырамын» деді.

Дональд Трамп желіде: «Ивана шабытты өмір сүрген әдемі, тамаша әйел болды. Оның мақтанышы мен қуанышы үш баласы кіші Дональд, Иванка және Эрик болды. Біз бәріміз оны мақтан тұтатын болсақ, ол да өз балаларымен мақтанатын. Мекені жайлы болсын!» деген сөздерді бөлісті.

Чехияда дүниеге келген Ивана 1977 жылы Нью-Йоркте сол кездегі ең танымал жылжымайтын мүлік инвесторларының бірі Дональд Трампқа үйленді.

2016 жылы АҚШ президенттігіне Дональд Трамптың кандидатурасын қолдаған Ивана Трамп 2017 жылы ана болу туралы «Трампты тәрбиелеу» кітабын жазды.



Ұқсас жаңалықтар