15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні әлемде еске алынды

Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай еске алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

1855423
15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні әлемде еске алынды

Ұлыбританияның Лутон қаласында Британ түрік қауымдастығының ұйымдастыруымен «15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні» мерекесіне орай еске алу бағдарламасы мен панель ұйымдастырылды.

Панельге Түркияның  Ұлыбританиядағы өілетіт және төтенше  елшісі Үмит Ялчын, Әділет және даму партиясы  Ризе депутаты және НАТО Парламенттік Ассамблеясы Түрік тобы төрағасы Осман Ашкын Бак, жоғары лауазымды иелері, көптеген түрік және ағылшын қонақтар қатысты.

Қытайдың астанасы Бейжіңде 15 шілдеде шейіт болғандар еске алынды.

Түркия елшілігінде өткен салтанатта бейне көріністер көрсетілді.

Оңтүстік Африканың Йоханнесбург қаласындағы Нельсон Мандела қорында «15 шілдеде Демократияның жеңісі» атты панель өтті.

Швейцарияның Цюрих қаласында 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай еске алу рәсімі өтті. Түркияның Цюрихтегі бас консулдығында өткен іс-шараға Швейцариядағы түрік азаматтық  ұйымдарының өкілдері және басқа қонақтар қатысты.

Алжирде 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай еске алу рәсімі өтті.

Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтанда 15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күніне орай еске алу іс-шарасы ұйымдастырылды.

Түркияның Қазақстанның өкілетті және төтенше елшісі  Уфук Экижидің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Қазақстанның жоғарғы лауазым иелері, әскери мекемелерінің басшылары, дипломаттар, түрік азаматтық ұйымдарының өкілдері және журналисттер  қатысты.

 



Ұқсас жаңалықтар