Маймыл шешегі вирусы асқынып барады

ДДСҰ әлемде маймыл шешегі вирусының таралуы жалғасып жатқанын және ауру санының 10 мыңға жақындағанын хабарлады.

1854964
Маймыл шешегі вирусы асқынып барады

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлемде маймыл шешегі вирусының таралуы жалғасып жатқанын және ауру санының 10 мыңға жақындағанын хабарлады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесус ұйымның Женевадағы орталығында өткен баспасөз мәслихатында маймыл шешегі індетінің соңғы жағдайына баға берді.

Тедрос Адханом Гебрейесус вирус эндемиялық және эндемиялық емес 63 елде барлығы 9 мың 200 жұғымдалу болғанын растады және өлім-жітім саны өзгермегенін білдірді.

Гебрейесус вирусқа байланысты төтенше жағдай жариялау мүмкіндігі туралы: «Төтенше жағдайлар комитеті келесі аптада маймыл шешегі вирусының даму үрдісін және вируспен күресу әдістерінің тиімділігін бағалау үшін жиналады. Елдерге бұл індетпен қалай күресу керектігі туралы кеңестер беріледі» деді.

Тедрос Адханом Гебрейесус: «ДДСҰ ретінде біз әртүрлі елдермен және сарапшылармен індетті одан әрі зерттеу туралы талқылауды жалғастырудамыз» деді. 

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы 7 шілдедегі маймыл шешегі вирусы туралы баяндамасында вирустан 3 адамның қайтыс болғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар