Премьер-министр Кишида Фумио жеңіске жетті

Премьер-министр Кишида Фумио бастаған Либералдық-демократиялық партия  және оның серіктесі Комейто 125 орынның 70-тен астамын жеңіп алды

1854376
Премьер-министр Кишида Фумио жеңіске жетті

Бұрынғы премьер-министр Абэ Синдзоның өлтірілуінің көлеңкесінде кеше Консультациялық Мәжілістің (Сангиин) кезекті парламенттік сайлауы өткізілген Жапонияда Либералдық-демократиялық партия (LDP) жеңіске жетті.

Премьер-министр Кишида Фумио бастаған Либералдық-демократиялық партия  және оның серіктесі Комейто 125 орынның 70-тен астамын жеңіп алды, деп хабарлады Kyodo News.

Осылайша биліктегі блок 248 депутаттан тұратын парламенттің жоғарғы палатасында көпшілік орынға ие болды және 1947 жылғы Конституцияны қайта қарауға қажетті 166 орындық өткелден алғаш рет асты.

LDP партиясының жеңісімен премьер-министр Кишида Фумио билік басына келген өткен жылғы  сайлау билігін бекемдей түсті.

Конституциялық демократиялық партияның  парламенттегі орын саны 20-дан төменге түсті.

Кишида мен жоғары дәрежелі партия жетекшілері 8 шілдеде астана Токиодағы LDP орталығында өлтірілген Жапонияның ең ұзақ қызмет еткен премьер-министрі Абэ үшін үнсіз дұға етті.

Абэнің өлтірілуі туралы Кишида: "Демократияның негізі болып табылатын сайлау зорлық-зомбылық арқылы сынға түсті. Сайлаудың өтуі көп мағынаны білдіреді. Мен демократияны қорғау үшін аянбай жұмыс істеймін" деді. 

Конституцияға өзгерістер енгізу жоспарларын ілгерілетуге уәде берген Кишида: «Нақтлы өзгерту ұсынысын құрастыру үшін конституция бойынша парламенттік талқылауды одан әрі тереңдетеміз» деді. 

8 шілдеде Абэ Либерал-демократиялық партия үміткерлерінің сайлау науқанын қолдау үшін Нара қаласындағы Ямато-Сайдайжи станциясына қарама-қарсы ашық іс-шарада сөйлеп тұрған кезде кеудесіне оқ тиген болатын.

Шабуылдан кейін ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген Абэні құтқару мүмкін болмады.



Ұқсас жаңалықтар