Бельгия энергияны қамтамасыз етуге талпынуда

Бельгияда үкімет энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстанып жатыр.

1858369
Бельгия энергияны қамтамасыз етуге талпынуда

Бельгия үкіметі француздық "Энгие энергетикалық компаниясымен" 2025 жылы тоқтатылуы жоспарланған атом электр күш станцияларының пайдалану мерзімін 10 жылға ұзартуға келісті.

Премьер-министр Александр Де Кру өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтынан федералды үкімет пен "Энгие энергетикалық компаниясы" екі атом электр станциясының жұмыс мерзімін ұзарту туралы принципті келісімге келгенін жариялады.

Геосаяси тұрақсыздық жағдайында Бельгияда энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатқандарына назар аударған Де Кру компаниясымен жыл соңына дейін атом электр станциялары бойынша түпкілікті келісім жасалатынын мәлімдеді.

Келісім аясында 1985 жылы Бельгияда салынған "Doel 4" және "Tihange 3" реакторларының жұмыс істеу мерзімі тағы 10 жылға ұзартылады.

Мың мегаватт сағаттық аталмыш реакторлар 2036 жылға дейін жұмысын жалғастырады.



Ұқсас жаңалықтар