Сомали президенті Түркияға келді

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд қасындағы жоғары дәрежелі делегациямен бірге Түркияға тұңғыш ресми сапармен келді.

1852684
Сомали президенті Түркияға келді
Hasan Seyh Mahmud isparta somalili askerler.jpg
Hasan Seyh Mahmud isparta somalili askerler1.jpg

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд Ыспартада білім алған Сомали әскерлерін көруге барды.

Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд қасындағы жоғары дәрежелі делегациямен бірге Түркияға тұңғыш ресми сапармен келді. 

Бұл туралы Сомали Қорғаныс министрі Абдулкадир Мұхаммед Нұр Twitter-дегі парақшасында бөлісті. Сомали президенті Хасан Шейх Махмуд қасындағы жоғары дәрежелі делегацияның Ыспартада түрік армиясы тарапынан білім берілген Сомали әскерлерін көруге келгенін білдірді сомалилік министр.

Сомали армиясының елдің ең мықты кепілдігі екенін айтқан Абдулкадир Мұхаммед Нұр:

«Достарға сенім берген және дұшпанына үрей салған біздің мақтанышымыз Сомали Ұлттық армиясы Сомали мемлекетінің ең үлкен кепілі. Рахмет сіздерге» деді.



Ұқсас жаңалықтар