Сирия террорге қарсы күшін бекемдеуде

Сирия Ұлттық армиясының жауынгерлері әскери жаттығулар да өткізу арқылы ​​​​​​​бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK-ға қарсы күшін бекемдеуде.

1852678
Сирия террорге қарсы күшін бекемдеуде

Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK шабуылдарына ұшыраған аймақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Сирия Ұлттық армиясы террор ұйымына қарсы ықтимал болған операцияларға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.

Сирия Ұлттық армиясы Тель-Рифат және Манбидж сияқты лаңкестік топтар басып алған аймақтардан келетін қауіптерге қарсы күресте әскери қабілеттерін жоғарғы өреге жеткізу үшін дайындық жасауда.

Түркияның бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK-ға бағытталған "Евфрат қалқаны", "Зәйтүн бұтағы" және "Бейбітшілік бұлағы"  операцияларына қолдау берген Сирия Ұлттық армиясы ықтимал болған жаңа операцияларға қатысу мақсатымен  жұмыстарын жалғастыруда.

Осы мақсатпен Сирия-Түркия шекарасындағы Килис уәлаятының қарсы жағындағы Азезде жалғасқан дайындықтарда қызметкерлерді тасы малдайтын сауытты көліктер, көп ұңғылы зымыран соғарлар, зеңбірек оқтары сияқты ауыр қару-жарақтардың жағдайы мен жауыргерлердің мүмкіндіктері бақылаудан өткізілді.

Сирия Ұлттық армиясының жауынгерлері әскери жаттығулар да өткізу арқылы бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK-ға қарсы күшін бекемдеуде.



Ұқсас жаңалықтар