Линде PKK-ны жақтаушы депутаттарға наразылық көрсетті

«Солшыл партияның» кейбір депутаттары террор ұйымы PKK-ны жақтайтын ұрандар тастады.

1852432
Линде PKK-ны жақтаушы депутаттарға наразылық көрсетті

Швеция Сыртқы істер министрі Анн Линде «Алмедален саясат форумында» бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның нышандарын ашып, үгіт-насихат жасаған «Солшыл партия» мүшелеріне наразылық көрсетіп «Бұл мүлдем қабылданбайды, «Солшыл партия» PKK әрекетін дереу тоқтатуы керек» деді.

Анн Линде жеке Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада «Бұл мүлдем қабылданбайды. PKK 1984 жылы Улоф Пальме үкіметі тарапынан террор ұйымы деп жарияланған және көптеген жазықсыз адамды өлтіріп ар-ожданды жаралаған бір ұйым. «Солшыл партия» PKK әрекетін дереу тоқтатуы керек» деді.

Әділет және ішкі істер министрі Морган Йоханссон Твиттердегі аккаунтынан бірдей сөздерді пайдаланып, «Солшыл партияға» ескерту жасады.

Швецияның Готланд аралында өткен «Алмедален саясат форумында» «Солшыл партияның» кейбір депутаттары PKK-ның террор ұйымы емес екені жөнінде ұрандар тастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар