Израиль Стамбул атташелігін қайта ашады

Министр Орна Барбибай Израильдің Түркиядағы сауда атташелігін 1 тамыздан бастап қайта ашатындарын айтты.

1852658
Израиль Стамбул атташелігін қайта ашады

Израильдің Экономика және өнеркәсіп министрі Орна Барбибай Израильдің Түркиядағы сауда атташелігін қайта ашатындарын жариялады.

Израильдің Экономика және өнеркәсіп министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Орна Барбибайдың Түркиядағы сауда атташелігінің 1 тамыздан бастап қайта ашылатынын айтқаны білдірілді.

Орна Барбибай:

"Сауда атташелігі Израильдің Түркиямен экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға бел байлағанын көрсетеді" деді. 

Израиль министрі Орна Барбибай: "Он жылдан астам уақыттан кейін екі ел арасында ортақ бір экономикалық конференция ұйымдастыруды мақсат еткендерін" білдірді.

Израильдің Экономика және өнеркәсіп министрлігі Сыртқы сауда басқармасының төрағасы Охад Коэннің сөздері де қамтылған мәлімдемеде: "Түркия Израильдің сыртқы саудасы үшін маңызды ортақ. Бүгін Түркияға жасалған экспорттардың жасырын күші мығым. Екі ел арасында еркін сауда келісімдері бар. Ынтымақтастықтың табиғатында болған осы күшті ашу екі елге де пайдалы" деп көрсетті.

Мәлімдемеде Стамбулдағы сауда атташелігін қайта ашу Түркия нарқына экспорт жасап отырған израильдік 1540 компанияға әсер жасайтыны және сауда іс-шараларын  бекемдеуге көмекші болатыны білдірілді.

Мәлімдемеде Түркия Израильдің төртінші ең маңызды сауда ортағы екеніне меңзелді.

Түркия мен Израиль 1997 жылы еркін сауда келісіміне қол қойды.



Ұқсас жаңалықтар