Байден Түркияға F-16 әскери ұшақтарын сатуды қолдайды

АҚШ Ақ үй мәлімдемешісі Карине Жан-Пьер күнделікті баспасөз мәслихатын өткізді.

1852397
Байден Түркияға F-16 әскери ұшақтарын сатуды қолдайды

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Ақ Үй мәлімдемешісі Карине Жан-Пьер Түркияға F-16 әскери ұшақтарын сатуды бірнеше айдан бері талқылағандарын және президент Джо Байденнің бұл сауданы қолдағанын айтты.

Жан-Пьер күнделікті баспасөз мәслихатында Джо Байденнің президент Режеп Тайып Ердоғанмен өткен апта Испанияның бас қаласы Мадридте НАТО көшбасшыларының саммиті аясындағы кездесуінің артынан F-16 әскери ұшағын сату тақырыбындағы оң мәлімдемелеріне қатысты Конгресс мүшесі бір топ демократтың сынына баға берді.

F-16 туралы талқылаудың біраз уақыттан бері күн тәртібінде екеніне назар аударған Жан-Пьер «F-16 тақырыбында ұстанымымыз өте анық. Бірнеше айдан бері мәселені талқылап жатырмыз. Байден бұл сұранысты шынын айтқанда қолдайды. Бұдан басқа жаңалық жоқ» деді.

Мадридте өткен НАТО Көшбасшылар саммитінде президент Ердоғанмен бас қосқан Байден 30 маусым күні өткен баспасөз мәслихатында Түркияға F-16 әскери ұшақтарын сату керектігін және бұл үшін АҚШ конгресінен рұқсат алатындарын айтты.

Байден жиналыста «Менің оған (президент Режеп Тайып Ердоған) айтқаным, желтоқсан айындағы кездесуімде сөздеріммен бірдей. (Түркияға) F-16 ұшақтарын сатуымыз керек және сонымен бірге ұшақтарды жаңғыртуға міндеттіміз. Мұны істемеу бізге мүдделі емес. Мен оларға желтоқсан айынан бері ұстанымымды өзгертпегенімді жеткіздім. Ештеңе күтпей сату керек деп айттым. Мұны істеу үшін Конгресстің бекітуі қажет. Біз бұл қолдауды аламыз деп ойлаймын» деген болатын.

АҚШ Өкілдер палатасындағы бір топ сенатор кеше Байденге жолдаған хатпен бұл қолдауға сындарын білдерген еді.



Ұқсас жаңалықтар