Түркия Италияға көңіл айтты

Италияның Альп тауларында болған оқиғада 6 кісі қаза тапты, 10 кісі жоғалып кетті.

1851803
Түркия Италияға көңіл айтты

Түркия Альп тауларының Италия жағындағы мұз жартастарының опырылуы салдарынан қаза тапқандар үшін көңіл айту үндеуін жариялады.

Сыртқы Істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Альп тауларының Италия жағындағы Мармолада төбесіндегі мұз жартастарының опырылуы салдарынан қаза тапқандар үшін көңіл айтты, жаралыларға шұғыл шипа тіледі және жоғалып кеткендерге қайғырғаны білдірілді.

Мәлімдемеде:

"Италия үкіметі мен халқына көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін және жоғалғандардың тезірек табылуын тілейміз" деп жазылды.

Италия баспасөзі 3 шілдеде болған оқиғада 6 кісінің қаза тапқанын, 8 кісінің жараланғанын, 10 кісінің жоғалғанын хабарлаған, іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар