Шойгу: "Соңғы 10 күнде 170 жалдамалы жауынгер залалсыздандырылды"

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинадағы соғыстағы соңғы жағдайды бағалады.

1852158
Шойгу: "Соңғы 10 күнде 170 жалдамалы жауынгер залалсыздандырылды"

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинадағы соғыстың соңғы 10 күнінде 170 жалдамалы жауынгердің залалсыздандырылғанын атап көрсетті.

Шойгу Мәскеуде әскери лауазымдылармен өткен жиналыста Ресей мен Украина арасында 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан соғысқа қатысты мәлімдеме жасады.

Ресей күштерінің Украинадағы ілгерілеуі нәтижесінде шетелдік жалдамалы жауынгерлер мен жекеменшік әскери фирмалар санының азайғанын атап көрсеткен Шойгу «Соңғы 10 күнде 170 жалдамалы жауынгер залалсыздандырылды. Олардың 99-ы болса әскери қимылдарға қатысудан бас тартып, Украина аумағынан шығып кеткендер» деді.

Қаратеңіз және Азов теңізі суларында кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдағандарын атап көрсеткен Шойгу «Азаматтық кемелердің қозғалысы үшін 2 гуманитарлық дәліз құрдық. Мариуполь портының суларында мина қаупі толығымен жойылды» деді.

Украинаның Луганск аймағын толығымен басып алғандарына назар аударған Шойгу бұл аймақтағы халыққа қолдау көрсетілгенін атап көрсетті.

Батыс елдерінің Украинаға қатысты әрекеттеріне тоқталған Шойгу «Батыстық елдер Украинадағы соғысты ұзарту үшін Киев әкімшілігіне ауқымды қару-жарақ тасымалдауды жалғастыруда. Украинаға 28 мың тоннадан астам әскери жүк жеткізілді» деді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Игорь Конашенков болса «Украина осы уақытқа дейін 231 әскери ұшақ, 134 тікұшақ, 1 мың 451 пилотсыз әуе көлігі, 353 әуе қорғаныс зымырандық жүйесі, 3 мың 910 танк пен бронды көлік, 716 көп ұңғылы зымыран, 3 мың 92 гаубица мен миномет, 4 мың 16 арнайы әскери техника жойылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар