Ресей Евфратқа әскер жинап жатыр

Камышлы ауданындағы әуежайға Ресейдің Илюшин Ил-76 үлгісіндегі екі әскери жүк ұшағы қонғаны білдірілді.

1851794
Ресей Евфратқа әскер жинап жатыр

Ресей Сирияның солтүстігіндегі Евфрат өзенінің шығысындағы Хасака уәлаятында көп бөлігін бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK жаулап жатқан Камышлы ауданындағы әуежайға әскери қару-жарақ жинап жатыр.

Жергілікті баспасөздің хабарына қарағанда Хасака уәлаятында көп бөлігін бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PKK жаулап жатқан Камышлы ауданындағы әуежайға Ресейдің Илюшин Ил-76 үлгісіндегі екі әскери жүк ұшағы қонғаны білдірілді.

Сирияның Латакия қаласындағы Хмеймим Әскери әуежайынан ұшып келген ұшақтарда әскери көліктермен бірге 300-ге жуық ресейлік сарбаз бар.

Орыс армиясы 3 маусым күні Камышлы ауданына қысқа және орта қашықтықтағы Pantsir-S1 әуе қорғаныс жүйесін әкелді. "Бейбітшілік бұлағы" операциясы  аймағының оңтүстік-шығыс майданындағы Тель-Темірдегі базасына да 8 маусымда 2 танк, радиолокациялық жүйе, Дочка типті ұшақ соғар және 8 қызметкерлер тасымалдаушы сауытты көліктен құралған қару-жарақтар жеткізген болатын.

Орыс армиясының Айн Иса, Тель-Темір, Манбидж, Айнул Араб және Камишлыдағы орыс сарбаздарының саны да артқаны тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар