"Луганскті толықтай алдық"

Шойгу Ресей күштері Украинаның шығысындағы Луганск аймағын түгелдей бақылауға алғанын айтты.

1851805
"Луганскті толықтай алдық"

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей күштері Украинаның шығысындағы Луганск аймағын түгелдей бақылауға алғанын айтты.

Шойгу Кремль сарайында Ресей президенті Владимир Путинге Ресей армиясының Украинадағы шабуылы туралы баяндады. Ресей күштерінің 19 маусымнан бері "Луганск халық республикасы" деп аталатын аймақты бақылауға алу үшін «сәтті операция» жүргізгенін айтқан Шойгу Лисичанск және Северодонецк маңындағы қоршаудағы аймақта екі апта ішінде жою жұмыстары жүргізілгенін мәлімдеді.

Шойгу 25 елді мекеннің, әсіресе Северодонецк, Золотое, Горское Волчеяровка сияқты ірі қалалардың бақылауға алынғанын мәлімдеді.

«Операция кеше Луганск Халық Республикасының ең ірі қалаларының бірі Лисичанск қаласын азат етумен аяқталды. Белсенді шабуыл операцияларында барлығы 670 шаршы шақырым аумақ бақылауға алынды» деді ол.

Шойгу осы кезеңдегі шабуылдар нәтижесінде Украина қарулы күштерінің шығыны 5469 адам болғанын, олардың 2218-і қаза тауып, 3251-і жараланғанын айтты.

Министр операция барысында Украинаға тиесілі 196 танк пен броньды көлік, 12 ұшақ, 1 тікұшақ, 69 ұшқышсыз ұшу аппараты, 6 әуе қорғанысы зымыран жүйесі, 97 көп ұңғылы зымыран тасығыш, 166 гаубицасы мен минометі және 216 жеке әскери техниканың жойылғанын хабарлады. 

Украина күштерінің Лисичанскіде 39 танк пен броньды көлік, 11 гаубицасы мен миномет және көптеген танкке қарсы зеңбірек қалдырғанын атап өткен Шойгу Лисичанск қаласында халықтың әлі де минадан тазарту жұмыстарына көмектесіп жатқанын мәлімдеді.

Шойгу Ресей қарулы күштерінің Украинадағы операцияларын жалғастырғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар