Иранда тырысқақ ауруы
37 адамның тырысқақ ауруына шалдыққаны білдірілді.

Иранда 37 адамның тырысқақ ауруына шалдыққаны білдірілді.
Иранның ресми ақпарат агенттігіне мәлімдеме жасаған Иран Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Азық-түлік және су арқылы жұғатын аурулар департаменті басшысы Мериям Месудифер көрші елдерде кездескен тырысқақтың Иранда кең тарауының алдын алу үшін ереже сақтау керектігін айтты. Ол қазірге дейін Иранда 37 адамда тырысқақ ауруы анықталғанын хабарлады.
Ол тырысқақ ауруларын емдеуге байланысты ұлттық ережелердің Медицина ғылымдары университеттеріне жіберілгенін білдірді. «Бұл ауру таза ауыз суға қолжетімділік аз жерлерде туындайды, едәуір жұқпалы. Жұққан науқастарда көп белгі бермеуі мүмкін немесе жеңіл симптом болуы мүмкін. Бірақ кей жағдайларда өлімге апарады» деді ол.
Соңғы кезде Ирактың солтүстігіндегі Эрбиль, Сүлеймание және Киркук қалаларында тырысқақ аурулары анықталып, 21 маусым күні Киркукте бір адамның осы аурудан қайтыс болғаны хабарланған еді.
Ұқсас жаңалықтар

Конашенков Ресей армиясының Украинадағы қызметі туралы мәлімдеді
Игорь Конашенков Днепр аймағында 80-нен астам шетелдік жауынгердің жойылғанын хабарлады.