"Болгарияға жауап қайтарамыз"

Болгария орыстың 70 дипломатын елден шығаруға шешім берді.

1851989
"Болгарияға жауап қайтарамыз"

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Болгарияның 70 орыс дипломатты елден шығару шешіміне жауап беретіндерін айтты.

Лавров пен Ресейге барған Венесуэла Сыртқы істер министрі Карлос Фариа ел астанасы Мәскеудегі кездесуінен кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

Болгарияның Ресей елшілігіндегі 70 дипломатты «персона нон грата» деп жариялау шешіміне баға берген Лавров бұл шешімнің «заңсыз» екенін білдірді.

Сергей Лавров "Министрліктің бағалауы бойынша, елшілік қалыпты жұмыс істей алатын жағдайда емес. Әрине біз болгариялық әріптестерімізге жауап қайтарамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар