Мысырдағы акула шабуылында екі әйел қаза тапты

Мысырдың Сахл әл-Хашиш аймағында болған акула шабуылынан екі әйел қаза тапты.

1851272
Мысырдағы акула шабуылында екі әйел қаза тапты

Орталығы Мысырдағы «Масрави» хабар порталының жаңалығына қарағанда оқиғада 2 әйелдің қаза тапқаны жарияланып, олардың ұлты аталмады.

Мысыр Қоршаған орта министрлігі қаза тапқандардың отбасыларына оқиғадан кейін көңіл айту жеделхаты жариялады.

Акула шабуылы орын алған аймақтағы іс-шаралардың барлығы уақытша тоқтатылды.

Дәл сол аймақта алдыңғы күні де австриялық бір әйел акула шабуылынан қайтыс болған еді.



Ұқсас жаңалықтар