Ципрас Түркияны нысанаға алды

Алексис Ципрас АҚШ президенті Джо Байденнің Түркияға F-16 ұшақтарын сатуға байланысты оң көзқарасын Мицотакис үкіметінің сәтсіздігі деп бағалады.

1850831
Ципрас Түркияны нысанаға алды

Грекияның негізгі оппозициялық партиясы Радикал солшыл одақтың (СИРИЗА) жетекшісі Алексис Ципрас Испанияның астанасы Мадридте өткен НАТО саммитінде үкіметтің атқарған сыртқы саясатының табыссыз болғанын білдіріп, Түркияға толық қолдау берілгенін айтты.

OPEN TV арнасына сөйлеген Алексис Ципрас Испанияның астанасы Мадридте өткен НАТО саммитін Грекияның сыртқы саясаты аясында бағалады.

АҚШ президенті Джо Байденнің Түркияға F-16 ұшақтарын сатуға байланысты оң көзқарасын Мицотакис үкіметінің сәтсіздігі деп сипаттаған Ципрас:

"Самитте байқалған жағдайға алаңдауымыз керек. Мәселе тек қана F-16 ұшақтары емес, Түркияға берілген топтық қолдау" деді.

Алексис Ципрас саммитке және Түркияның Эгей теңізіндегі туризм компаниясында қолданған «TurkEgean» анықтамасын  Еуропа тарапынан тіркеуіне байланысты мыналарды айтты:

"Дипломатиялық жақтан қайғылы жеңіліске ұқшырадық. Егер мен премьер-министр болсам және «TurkEgean» анықтамасы таныстыруы Түркия тарапынан жарнама маркасы ретінде тіркеуге алынса, Мадридтен жаяу қайтар едім."



Ұқсас жаңалықтар