Путин Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Путин Финляндия мен Швецияның болашақта НАТО-ға мүше болуы оларды алаңдатпайтынын айтты.

1850012
Путин Швеция мен Финляндияның НАТО мүшелігіне тоқталды

Ресей президенті Владимир Путин Финляндия мен Швецияның болашақта НАТО-ға мүше болуы оларды алаңдатпайтынын айтты.

Владимир Путин Түркіменстанның астанасы Ашхабадта өткен 6-шы Каспий теңізі елдері көшбасшылар саммитінен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Путин Испанияның бас қаласы Мадридте өткен НАТО Лидерлер саммитінде одаққа үміткер ретінде қабылданған Швеция және Финляндиямен ешқандай проблемасы жоқ екенін білдірді.

Ресей басшысы бұл екі елдің НАТО-ға кіруі қауіпті екенін ескертті.

Владимир Путин «Бұрыннан бері олар үшін ешқандай бір қауіп төнген жоқ. Қазір болса сол жерде егер әскери жасақтар және инфрақұрылымдар орналастырылса, онда біз де тойтарыс беріп, олардың аумағына осындай қауіп төндіреміз. Бұл айқын және олар мұны анық түсінуі керек » деген сөздер қолданды.

Путин Украинамен проблемаларының болғанын түсіндірген Путин «Украинаға қатысты жағдай мүлде басқаша. Финляндия мен Швециядағы жағдай бұған ұқсамайды. Бұл мүлдем басқа жағдай. Швеция мен Финляндия қаласа НАТО-ға кірсін» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар