АҚШ-та қаза тапқан иммигрант саны 53-ке ұласты

АҚШ-тың Техас штатында тасталған жүк көлігінде қаза тапқан иммигрант саны 53-ке жетті.

1850061
АҚШ-та қаза тапқан иммигрант саны 53-ке ұласты

Америка Құрама Штаттарының  Техас штатында тасталған жүк көлігінде қаза тапқан иммигрант саны 53-ке жетті.

АҚШ Иммиграция және Кеден қызметі (ICE) жасаған мәлімдемеде Техас штатының Сан-Антонио қаласында тасталған жүк көлігінде қаза тапқандардың қатарына тағы екі иммигранттың қосылуымен қаза болғандардың саны 53-ке жеткені айтылды.

ICE қоғаммен байланыс кеңсесінің өкілі Таня Роман жүк көлігінен аман қалған 11 адамның әлі емделіп жатқанын айтты.

Оқиға орнына барған кейбір АҚШ азаматтары жүк көлігі тастап кеткен аумақты шамдармен және гүлдермен безендіріп, сол жерде шөлдеп өлді деп болжанған иммигранттарды еске алу үшін пластик бөтелкелерге ауыз су қалдырды.

Жергілікті билік дүйсенбі күні Сан-Антониода тасталған жүк көлігінен 50 иммигранттың мәйітінің табылғанын, сондай-ақ 16 адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Жүк көлігіндегі иммигранттардың АҚШ-қа заңсыз жолмен өтпек болғаны айтылды.

АҚШ президенті Джо Байден бұл өлім оқиғасын «қорқынышты және жүректі ауыртатын қайғылы» оқиға деп түсіндірді.

 



Ұқсас жаңалықтар